Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық –құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 01 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыруға ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде тіркелген немесе Қазақстан Республикасына уақытша кірген барлық көлік түрлері, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.

Сақтандыру объектісі – Сақтанушының (Сақтандырылушының) көлік құралын қатерлі қауіп көзі ретінде пайдалану салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі.

Заңды тұлғаларды сақтандыру шарты пайданылатын көлік құралының әрбір бірлігіне электронды сақтандыру полисі нысанында жасалады. Сақтанушы өтінішті Сақтандырушы белгілеген нысан бойынша көлік құралдарының тізбесін көрсетіп және техпаспорттың көшірмелерін бірге тіркеп, рәсімдейді.

Сақтандыру мерзімі – 12 ай (көлікті маусымдық пайдалану немесе Қазақстанға уақытша кіруді қоспағанда). Шарт бірінші сақтандыру жағдайына дейін әрекет етеді.

Сақтандыру құны (сақтандыру сыйлықақысы) заңды тұлғалар үшін 1,9 АЕК мөлшерінде белгіленген базалық сыйлықақы негізінде есептеледі, оған көлік құралдарының түріне, оны пайдалану мерзіміне және тіркеу орнына қарай заңды тұлғалар үшін Заңда белгіленген коэффициенттер қолданылады. Сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін калькуляторды пайдалануыңызға болады.







Сақтандыру төлемі:

Бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) мынаны құрайды (айлық есептік көрсеткішпен):

әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген, мыналарға әкеп соқтырған зиян үшін:

опат болуы - 2000;

мүгедектік белгіленуі:

I топ - 1600,

II топ - 1200,

III топ - 500;

«мүгедек бала» - 1000;

мертігу, жарақаттану немесе мүгедектік қойылмай, денсаулықтың басқа да зақымдалуы – амбулаторияда және (немесе) стационарда емделудің нақты шығындары, бірақ 300-ден артық емес;

бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден артық емес;
бір мезгілде екі немесе одан көп жәбірленушілерге келтірілген зиян үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден артық емес. Бұл ретте барлық жәбірленушілерге жалпы сақтандыру төлемдерінің мөлшері 2 000-нан артық болмайды. Зиянның мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен артқан кезде, әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиянның деңгейіне мөлшерлес жүзеге асырылады.