Тасымалдаушыны жолаушылар алдында міндетті сақтандыру

 +7(727)2 599-899, +7(701)006-33-33,   WhatsApp +77770085070

Тасымалдаушыны жолаушылар алдында міндетті сақтандыру

Қазақстан Республикасының «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 444-II Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жолаушыларды және олардың мүлкін темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.   

Сақтандыру объектісі тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі.

Сақтандыру шарты Сақтанушының өтініші негізінде электронды нысанда сақтандыру полисін ресімдеу арқылы жасалады.

Сақтандыру шарты 12 айға жасалады (тасымалдаушының он екі айдан аз мерзімді құрайтын жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау құқығының мерзімі өткен жағдайларды қоспағанда), оның әрекеті алғаш басталған сақтандыру жағдайы бойынша тоқтатылмайды.

Сақтандыру сыйлықақысы 

Көлік құралының атауы

Бір жолаушы орнына жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (АЕК)

1

Автобустармен микроавтобустар (рұқсат етілетін максималды жолаушылар санын есепке алғандағы бір жолаушының есебі):



1) жеңіл автомобильдер

0,11


2) қала аралық және халықаралық автобус тасымалы

0,033


3) аудан аралық (облысы ішіндегі қалалар арасындағы) тасымалдар

0,033


4) қала ішіндегі тұрақты және тұрақты емес тасымалдар

0,0013

2

Трамвайлар (бір көлік құралының есебі)

0,0003

3

Троллейбустар (бір көлік құралының есебі)

0,0006

4

Ішкі су көлігі:



1) қала маңы, қала іші, экскурсиялық - серуендеу, транзитті, жергілікті маршруттағытасымалдаулар мен өткізулер

0,07


2) туристік маршруттартасымалдары

0,53

 

Темір жолмен тасымалдайтын тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері ҚР аумағында тасымалдау бойынша сақтандыру шартының қолданыс мерзімі ішінде тасымалдаушы жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау қызметтерінен алған (алуы тиіс) табыс сомасының 0,2 % құрайды, бір айға алынған (алынуы тиіс) табысынан ай сайынғы жарна түрінде төленіп отырады.

Сақтандыру шарты 12 айдан аз мерзімге жасалған кезде сақтандыру сыйлықақысының мөлшері былай белгіленеді:

Сақтандыру мерзімі

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан процент)

1

2

3

1

1 айға дейін қоса алғанда

20

2

1 айдан 2 айға дейін қоса алғанда

30

3

2 айдан 3 айға дейін қоса алғанда

40

4

3 айдан 4 айға дейін қоса алғанда

50

5

4 айдан 5 айға дейін қоса алғанда

60

6

5 айдан 6 айға дейін қоса алғанда

70

7

6 айдан 7 айға дейін қоса алғанда

75

8

7 айдан 8 айға дейін қоса алғанда

80

9

8 айдан 9 айға дейін қоса алғанда

85

10

9 айдан 10 айға дейін қоса алғанда

90

11

10 айдан 11 айға дейін қоса алғанда

95

12

11 айдан жоғары

100

 

Сақтандыру төлемі

а) әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:

қайтыс болуға – 5 000;

мүгедектің:

I тобы белгіленсе – 5 000;

II тобы белгіленсе – 3 500;

ІII тобы белгіленсе – 2 500;

Мүгедек бала – 5 000;

мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдалуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден көп емес;

б) әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден көп емес.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде төлейді.