Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру

 +7(727)2 599-899, +7(701)006-33-33,   WhatsApp +77770085070

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру

Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы №435-II «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету сақтандырудың мақсаты болып табылады.

Сақтандыру объектісі - жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттерді жасауы нәтижиесінде үшінші тұлғаларға келтіргензиянын өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі.

Сақтандыру шарты Сақтанушының өтініші негізінде электронды нысанда сақтандыру полисін ресімдеу арқылы жасалады.

Сақтандыру мерзімі - 12 ай.

Сақтандыру сомасы – республикалық мәні бар қалалар, астана аумағында қызмет атқаратын нотариустар үшін 1 000 АЕК-тен кем емес, басқа нотариустар үшін - 500 АЕК-тен кем емес.

Сақтандыру сыйлықақысы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершшілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың талаптарында белгіленген сақтандыру сомасының 4,5 процентінен артық емес.

Сақтандыру төлемін Сақтандырушы үшінші тұлғалардың талабына немесе келтірілген зиянды өтеу туралы күшіне енген сот шешімініе қарай белгілейді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде төлейді.