Автокөлік иесінің МАҚЖ

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Автокөлік иесінің МАҚЖ

Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің міндетті полисі – барлық әуесқой автомобильші ресімдеуге міндетті сақтандыру, мұндай талап Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық –құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 01 шілдедегі №446 –II ЗРК Заңында белгіленген.


НЕНДЕЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?
2019 жылғы 01 қаңтардан бастап КҚИ АҚЖМС полисі электронды нысанда ресімделеді. Енді жүргізуші өзімен бірге полистің қағаздағы нұсқасын алып жүруге міндетті емес, ал жол полициясының қызметкерлері оны тексеру үшін талап етуге құқылы емес.

МАҢЫЗДЫ! ҚКИ АҚЖМС бөтеннің мүлкін (автомобиль, үй, дүкен, аялдама кешені және т.б.) қалпына келтіруге кететін қаржылық шығыстардан құтылуға көмектеседі. Полис егер Сіз ЖКО-ға кінәлі болсаңыз, зардап шеккен тарапқа төлем төленуіне кепілдік береді.

АВТО МАҚЖ сақтандыру құны неге тәуелді:
Сақтандыру аумағына;
Автомобильді пайдалану мерзіміне;
Жүргізу өтіліне;
Сіздің жасыңызға және апатқа ұшырау тарихына.

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңда белгіленетін, сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеудің бірегей әдісі бар.
Яғни, нақты бір автомобиль үшін міндетті сақтандыру құны барлық сақтандыру компанияларында бірдей болады.
Полистің қолданылу мерзімі – 1 жыл (маусымдық пайдалану немесе уақытша шығуды қоспағанда).
Сақтандыру жағдайы кезінде сақтандыру компаниясы жәбірленуші тарапқа қанша төлейді?
Бір автомобильге келтірілген зяин үшін - 600 АЕК*-ке дейін;
Әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін – 2 000 АЕК-ке дейін.

*1 АЕК = 01.01.2019 жылға 2 525 теңге