Компания туралы ақпарат

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Компания туралы ақпарат

«Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттің қатысуымен құрылған алғашқы сақтандыру қоғамы.

Құрылған жылы - 1995 жыл.

Бүгінгі күні «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ Қазақстан Халық банкі қаржы тобының құрамында және отандық сақтандыру саласының жетекші позицияларын иемденді.
«Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ қазақстандық және халықаралық рейтинг агенттіктерінің жоғарғы рейтингілерін иемденді.
2015 жылы «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың сенімділік рейтингін «Сенімділіктің айрықша жоғарғы деңгейі» А++ деңгейінде растады.

2018 жылғы 14 желтоқсан -A.M.BEST COMPANY халықаралық рейтинг агенттігі Қоғамның қаржылық тұрақтылық рейтингін «B++» (Good/жақсы) деңгейінде және эмитенттің кредит рейтингін «bbb» деңгейінде растады. Екі рейтингінің болжамы негативті болып саналады  (болжамға аса назар аудармауға болады)

Ірі рейтинг агенттіктерінің рейтингілерді растауы «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың қаржылық институт ретінде тұрақтылығы мен сенімділігін, корпоративтік басқару саласындағы ілгері қадамын, бизнес процестері мен операциялық қызметінің тиімділігін және клиенттер мен серіктестер тарапынан компанияға көрсетілетін жоғарғы сенімді куәландырады.
«Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензиясы бар және Сізге сақтандыру қызметтерінің кең ауқымын ұсына алады.

Компания жеке және заңды тұлғаларды сақтандырудың бірнеше түрлеріне мамандандырылған: міндетті және ерікті сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, автокөлікті сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жеке сақтандыру.

Жыл сайын «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ тұрақты түрде дамып келеді және Қазақстанның барлық аумағында өзінің клиенттік базасын, филиалдық және агенттік желісін кеңейтуде. Бүгінгі күні «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың республикамыздың 18 өңірінде өкілдіктері бар.

Агенттік желінің өсіп, дамуы «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ-қа тек ірі қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, сонымен бірге республикамыздың ауыл-аймақтарында да жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Қазіргі күні «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың агенттік желісі 2500 -нан артық агенттен тұрады.