Көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру

 +7(727)2 599-899, +7(701)006-33-33,   WhatsApp +77770085070

Көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру

Көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру

Сақтандыру объектісі Сақтанушының (Сақтандырылушының) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте Сақтандыру шартында көрсетілген көлік құралын пайдалану кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеуіне байланысты мүліктік мүддесі болып саналады.

 Сақтандыру тәуекелдері: 

1. КҚ пайдалану салдарынан жәбірленушілердің өміріне және денсаулығына зиян келтіру.

2. КҚ пайдалану салдарынан жәбірленушілердің мүлкіне зиян келтіру.

Сақтандыру жағдайы – жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан үшінші тұлғалардың және/немесе жолаушылардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне автокөлік құралынан зиян келтіру.

Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында белгіленеді.

Сақтандыру шартының талаптарында шартты немесе шартсыз франшизаның мөлшері белгіленуі мүмкін. 

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері шарттың талаптарынан және тәуекел деңгейін бағалаудан шыға отырып, сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі.

 Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.