«Будьте здоровы!» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы

 +7 (727) 2 599 899,   WhatsApp +77770085070

«Будьте здоровы!» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы

Жыл сайын Қазақстанда мыңдаған адамдарға онкологиялық сырқатқа диагностика қойылады, бірақ онкология диагнозы үкім емес екендігін есте сақтаған жөн. Заманауи анықтау және емдеу кезінде сырқатты жеңу мүмкіндіктері өте жоғары. Заманауи медицина ракты жеңуге көмектеседі, бірақ емдеуді қысқа мерзім ішінде бастау үшін қаржылық мүмкіндіктер керек.

Осындай жағдайға «Казахинстрах» АҚ  «Будьте здоровы!» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасын әзірледі.

Бағдарлама жеке тұлғаларды сырқаттану жағдайынан ерікті сақтандыру өнімі болып табылады.

Сақтандыруға 18 жастан бастап 76 жасқа дейінгі тұлғалар жатады.

Бағдарлама мынаны қарастырады:

1) Сақтанушының www.polisonline.kz сайтында белсендірілу сәтінде Сақтандырушымен сырқаттану жағдайынан сақтандыру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасауы;

 2) Сақтандырылушыға онкологиялық сырқаттың диагнозы қойылған кезде бір жолғы сақтандыру төлемін төлеу (№ 1 секция);

 3) Сақтандырылушыға онкологиялық сырқаттың диагнозы қойылған күннен бастап үш жыл ішінде Ресей Федерациясының медициналық мекемелерінде емделу шығындарын төлеу (сақтандыру сомасы шегінде) (№ 2 секция).

№ 1 секция  - сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі ішінде Сақтандырылушыға онкологиялық сырқаттың диагнозын қою;

№ 2 секция  - Сақтандырылушының Сақтандырушының жолдамасы бойынша медициналық бағдарламада (Шартқа № 3 қосымша) қарастырылған медициналық көмекті алу үшін медициналық мекемеге баруы барысында туындаған шығындар.

 Диагноз гистологиялық түрде, сондай-ақ онколог маманның қорытындысы арқылы расталуы тиіс.

Сақтандыру сомасы

33 000 000 (отыз үш миллион) теңге, оның ішінде:

№ 1 секция – 500 000 (бес жүзмың) теңге;

№ 2 секция – 32 500 000 (отыз екі миллион бес жүз мың) теңге.

Сақтандыру сыйлықақысы

18 жастан бастап 51 жасқа дейінгі Сақтандырылушыларға қатысты – 50 000 (елу мың) теңге;

51 жастан бастап 76 жасқа дейінгі Сақтандырылушыларға қатысты – 70 000 (жетпіс мың) теңге

Шартты белсендіру www.polisonline.kz сайтында жүргізіледі.

Шартты белсендіру үшін Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде:

1) сақтандыру талаптармен (Шартқа № 2 қосымша) келісуге және белсендіруді дербес:

қажетті ақпаратты Сақтандырушының www.strahovkatut.kzсайтына енгізу арқылы;

қажетті ақпаратты 797 телефоны бойынша хабарлау арқылы жүргізуге құқылы.

 

Шарт оны www.polisonline.kz сайтында белсендірген күннен бастап күшіне енеді және күнтізбелік бес жүз қырық жеті күн ішінде әрекет етеді.

Сақтандыру қорғанысының әрекеті Шартты белсендіргеннен кейін жүз сексен екінші күнгі (күту кезеңі) 00 сағат 00 минуттан бастап басталады және Шарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады. Сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі ішінде Сақтандырылушыға онкологиялық сырқаттың диагнозы қойылған кезде оның әрекеті Сақтандырылушының емделу кезеңі ішінде,  бірақ диагноз қойылған күннен бастап үш жылдан артық емес кезеңге жалғасады.

 

Сақтандыру қорғанысының әрекеті Шартта белгіленген жағдайларда тоқтатылады.

 Медициналық бағдарлама

 Сақтандырудың ерекше талаптары

 

Сырқаттану жағдайынан ерікті сақтандыру ережесі