«АВТО» бағдарламасы

 +7 (727) 2 599 899,   WhatsApp +77770085070

«АВТО» бағдарламасы

Автомобиль көпшілік әуесқой автомобильшілер үшін тек қатынас көлігі ғана емес, сүйікті және құнды зат. Өз сүйіктіңіздің қамын жасап, «АВТО» бағдарламасы бойынша КАСКО полисін ресімдеңіз. Ыңғайлы АВТО бағдарламасы өз автоңыз үшін жолда да, тұрақта тұру кезінде де сенімділікті арттырады.

Нені сақтандыруға болады?
Жеңіл автомашиналар мен автобустарды:
- шет елдік өндірушінің 15 жылдан үлкен емес автомашиналары,
- ТМД елдері өндірушілерінің 10 жылдан үлкен емес көлік құралдары.

Сақтандыруға КҚ-ға қондырылған қосымша жабдық та алынуы мүмкін.

Неден сақтандыруға болады?
Таңдауыңызға мына тәуекелдер бар:
1) айдап әкету, ұрлау;
2) мыналар салдарынан зақымдалу және/немесе толық опат болу:
а) ЖКО;
б) сыртқы әсердің салдарынан туындаған өрт, жарылыс;
в) дүлей апаттар – жер сілкіну, опырылу, көшкін, топырақтың отыруы, сел, найзағай соғу, су тасқыны, боран, дауыл, нөсер, бұршақ;
г) басқалай сыртқы механикалық әсер (жаппа темірдің, төбеден қардың немесе мұздың құлауы, бағанның, ағаштың құлауы, көліктің дөңгелегі астынан қиыршық тастың, тастардың басқа қатты заттардың ұшуы және т.б.);
д) малдардың әрекетттері;
е) үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері (ұрлауды қоспағанда), КҚ айдап әкету салдарынан зақымдауды қоса алғанда;
ж) аударылу, ұрлау, суға бату, мұз астына түсу, жол жабынының астына құлау;
з) су құбыры, канализация, жылыту немесе өртке қарсы желілердің апатынан болған судың зақымдауы;
и) қозғалмайтын немесе қозғалатын заттарға соғылу (ғимараттар, құрылыстар, кедергілер, қоршаулар, малдар, ағаштар).

Ақы төлеу тәртібі қандай?
Бір жолғы төлеммен немесе мәулетпен.

Шартты жасасуға керекті құжаттар
1. Жеке куәлік,
2. КҚ тіркеу туралы куәлік,
3. Жүргізушінің куәлігі.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушыдан барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлейді.