Назар аударыңыз, алаяқтар! | Жаңалықтар | «Халық» Сақтандыру компаниясы» АҚ. Сақтандырудың барлық түрі, сақтандыру полисі.

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070
Назар аударыңыз, алаяқтар!
26 Ақпан 2019

Назар аударыңыз, алаяқтар!

«Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ өз клиенттеріне алаяқтардың «Қазақстан Халық банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) пен оның еншілес ұйымдары атынан акциялар шығарылғаны туралы және жалған параққа сілтеме жасап, ол параққа кіргені үшін ақшалай сыйақы төлеуге уәде берілетін жалған хабарламаларды жаппай таратып жатқандығы жөнінде ескертеді.

Ол параққа ауысу кезінде клиентке төлем карточкасының деректемелерін, оның ішінде CVV кодты енгізу ұсынылады.

ЕСКЕРТЕМІЗ:
1) Банктің және оның еншілес ұйымдарының өкілдері ЕШҚАШАН шоттарыңыз бен банк карточкасының деректемелерін, ПИН-кодтарды, CVV кодын және басқа құпия ақпараттарды хабарлауды сұрамайды.

2) Банктер және еншілес ұйымдар клиенттерімен тек ресми қоғамдастықтар арқылы ғана байланыс жасайды.

3) Skype арқылы банкпен және оның еншілес ұйымдарымен хат жазысуға тырыспаңыз. Банк клиенттеріне Skype арқылы кеңесті ТЕК дыбысты байланыс арқылы ғана береді.

4) Есте сақтаңыз: банк пен оның еншілес ұйымдары Сізге алғаш боп Сіздің деректеріңізді алу үшін, оның ішінде хат алмасу арқылы хабарласпайды. Байланыс бастамашысы әрқашан клиент болады.

5) Ешбір жағдайда ешкімге өз дербес деректеріңізді, оның ішінде жеке куәлігіңіздің көшірмесін, төлем карточкаңыздың деректемелерін (16-мәнді нөмірді, ұстаушының атын, қолданыс мерзімін, CVV/CVC-кодты), белсендіру үшін SMS-кодтарды жібермеңіз.

Өте сақ болыңыздар! Алаяқтар қарап отырмайды. Міндетті түрде шоттарыңыз бен карточкаларыңыз бойынша SMS-хабарламаларды қосыңыз, күмәнді транзакциялар кезінде жедел түрде шоттарыңызды және карталарыңызды Банктің 7111 байланыс орталығы арқылы бұғаттаңыз.
Осы постты достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз, өйткені алдын ала хабардар болу көп жайсыздықтардан құтқарады!