«Казахинстрах» АҚ ребрендингі туралы баспасөз релизі | Жаңалықтар | «Халық» Сақтандыру компаниясы» АҚ. Сақтандырудың барлық түрі, сақтандыру полисі.

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070
29 Қантар 2019

«Казахинстрах» АҚ ребрендингі туралы баспасөз релизі

Еліміздің сақтандыру секторындағы көшбасшының бірі атауын өзгертті

Қазақстандық сақтандыру нарығының көшбасшыларының бірі «Казахинстрах» АҚ ребрендинг туралы хабарлады. 2018 жылғы 28 желтоқсанда қабылданған Компания акционерлері жалпы жиналысының шешіміне сай компанияның жаңа атауы – «Халық» сақтандыру компаниясы» Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» акционерлік қоғамы (қысқартылған атауы – «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ).
Ребрендинг процесі жаңартылған бизнес стратегиясы аясында компанияның жаңадан жайлы жағдай жасауынан және фирмалық стилін түзетуден тұрады. Жаңа логотип Halyk тобының фирмалық шрифтерін пайдалану арқылы жазылған компанияның атауынан және фирмалық белгінің басты элементі ретінде бейнеленген шаңырақтан тұрады.

– Ребрендинг компания позицияларының қарқынды дамуымен және сақтандыру нарығындағы орнының кеңеюімен шарттасылған жоспарлы шешім, - деп мәлімдеді «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Камбетбаев. – Мен жаңа бренд бөлшек сегментпен қатар, корпоративтік сегментте де, оның ішінде, Halyk қаржы тобының құрамындағы жетекші қазақстандық банктің еншілес құрылымы ретінде компанияның нақтырақ позицияда жайғасуы есебінен де компанияға деген сенімді арттыра түседі деп санаймын».
Компанияның ребрендингі, оның фирмалық стилінің өзгеруі, маңдайшадағы жазуларды және логотиптерді өзгертуге байланысты техникалық іс-шаралар 2019 жылдың 1-тоқсанының аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

***
«Халык» сақтандыру компаниясы» АҚ – Қазақстан Халық банкі қаржылық тобының құрамына кіретін ірі әмбебап сақтандырушы. Компания сақтандыру сыйлықақыларын жинау, активтері мен капиталының мөлшері бойынша жалпы сақтандыру компанияларының арасындағы көшбасылар қатарына кіреді. 2019 жылғы 01 қаңтардағы жай-күй бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 44,5 млрд. теңге, активтері – 115,5 млрд. теңге, меншікті капиталы – 48,1 млрд. теңге.
2018 жылғы желтоқсанда A.M. Best рейтинг агенттігі компанияның қаржылық тұрақтылығын және ұзақ мерзімді кредит рейтингін B++ және тиісінше bbb деңгейінде растады, бұл Қазақстандағы жалпы сақтандыру компанияларының арасындағы үздік рейтинг бағамдарының бірі.


БАҚ үшін байланыс:
Тимур Дильмухамбетов
+7 727 2599 899, +7 707 118 21 51
marketing@halyksk.kz