Халық сақтандыру компаниясы сақтандыруға әуе жолы көлігі құралдарының мынадай түрлерін қабылдайды:
1) әуе жолы көлігі;
2) әуе жолы көлігінің бортына қондырылған және тиісінше сипатта ресімделген құжаттары бар жекелеген агрегаттары;
3) әуе жолы көліктерінің қосалқы бөлшектері, сондай-ақ әуежай аумағында әуе жолы көлігіне техникалық және (немесе) коммерциялық қызмет көрсетуге тікелей байланыста қолданылатын механизация құралдары және техникалық құрылғылар.
Сақтандыру сомасы Сақтандыру шартында тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және әуе жолы көлігінің, әуе жолы көлігі қосымша жабдығының және қосалқы бөлшектерінің Сақтандыру шартын жасасу күнгі нақты (нарықтық) құнынан артық болмайды.
797 нөміріне қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан тегін) немесе сұраныс қалдырыңыз
Сақтандыру өтінішін толтыру
Өзіңізге ыңғайлы түрде төлеңіз
Сақтандыру төлемі Пайда алушыға Сақтанушының төлем туралы жазбаша өтініші және сақтандыру жағдайының басталуын растайтын қажетті құжаттар негізінде төленеді.
24/7 қолдау
Икемді тарифтер мен шарттар
Траншпен төлеу мүмкіндігі